01
январь
2023
«Тұзы үңгірді»
Жоғарыда аталған дерттердің тиімді де табиғи емі – тұз! Іш ауырса да, тіс ауырса да тұзды пайдаланған халқымыз үшін бұл емнің еш жаттығы жоқ. Дәрігерлер тек суық тиіп, салқындаған кезде ғана емес, тері ауруларын да емдеуде бұл таптырмаймын әдіс екенін айтады. Тұздың микробөлшектері қанға кіріп, дистолиннің деңгейін қалыпқа келтіреді, ағзадағы зат алмасу жақсарады, сол арқылы организмге бронхоиммунды, иммунитетті көтеру мақсатында және қабынуға қарсы әрекет етсе, балалардың жағдайы дәрі-дәрмексіз-ақ жақсарғаны бірден байқалады. Бала бақшадағы балалар тұзды бөлмеге келуді асыға күтеді. Өйткені ертегі әлеміне тап болғандай күй кешеді. Дегенмен балалар кішкене болса да, тұздың денсаулық үшін пайдасы жайлы біршама хабардар болып қалыпты. Балабақша медбикесі балаларға үнемі тұздың пайдасын, тұзды бөлмеде ойын ойнау арқылы ауырмайтындарын айтып отырады. Балалар оған 4-5-тен топтанып кіріп, 10 минуттай әртүрлі ойын түрлерін ойнайды. Жаттығулар жасап, әуенді ырғақпен билейді. Осылайша барлық балалар кезектесіп отырады. Әсіресе күз,қыс, көктем мезгілі басталса болды, кішкентайлары жиі сырқаттанатын ата-аналар үшін бұл үлкен қолдау болды.
Өскелең ұрпақтың дені сау, бәсекеге қабілетті болуы – біздің қолымызда. Үштік одақтың тығыз байланысы нәтижесінде балалардың білім-білік дағдыларының жоғары деңгейіне қол жеткіземіз, ол біздің болашағымыздың жарқын болуы деп есептейміз.


Өскелең ұрпақтың дені сау, бәсекеге қабілетті болуы – біздің қолымызда. Үштік одақтың тығыз байланысы нәтижесінде балалардың білім-білік дағдыларының жоғары деңгейіне қол жеткіземіз, ол біздің болашағымыздың жарқын болуы деп есептейміз.

