15
сентябрь
2025
«БЕСКЕ ДЕЙІН ҮЛГЕРУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
«БЕСКЕ ДЕЙІН ҮЛГЕРУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕМЕН ЖӘНЕ ОҚЫТУМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН БЕЙІМДЕЛГЕН БАҒДАРЛАМА
Бағдарламаның мақсаты – балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.Міндеттері:
- ата-аналар мен балаларға күтім жасайтын адамдарға ерте жас (0-5 жас) және балалардың өмір бойы дамуы мен әл-ауқатының маңыздылығы туралы ақпарат беру;
- балалардың когнитивтік және әлеуметтік-эмоционалдық дамуына ықпал ететін сенімді ақпарат көздеріне ата-аналардың қол жеткізуін кеңейту;
- алған білімді күнделікті өмірде қолдануды, балалардың өмір бойы даму әлеуетін және әл-ауқатын арттыратын салауатты әдеттерді дамытуды қолдау.